Ауыл әйелдері үлкен жалақы туралы жалған анықтамалар бойынша қомақты әлеуметтік төлемдер алып келген - Павлодар облысы

None
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қадағалаушы орган зейнетақы және әлеуметтік төлеу орталығының Баянауыл бөлімінде жүргізілген тексерудің барысында жүктілік және бала туу бойынша заңсыз әлеуметтік төлемдердің жасалу фактілерін анықтады, деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасынан.

Жұмысшы әйелге берілген шаруа қожалығының жалған анықтамасы бойынша, оның жалақысынан жасалған әлеуметтік аударымның сомасы 1 394 теңгені, ал міндетті зейнетақы жарнасы - 3873 теңгені құрап, нәтижесінде, оның жүктілікке байланысты алатын әлеуметтік төлемі 306 000 теңгеден астам соманы құраған.

Бірақ тексеру барысында анықталғандай, шаруа қожалығында жұмысшылар болмаған. Сөйтсе, әлгі әйелге біреулер, «қомақты әлеуметтік ақша алғысы келсе», анықтама қағазын алуға және зейнетақы жарнасын төлеуге кеңес берген екен.

Тағы бір әйелдің анықтамасында, оның құрылыс бөлімінде шебер екендігі, шілде айындағы жалақысы - 90 000 теңге, тамыз айында - 137 мың теңге болғаны хабарланған. Нәтижесінде, жүктілікке байланысты оның әлеуметтік төлемі 647 000 теңгені құраған. Бірақ, прокурорлар анықтағандай, әлгі әйелдің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі орташа айлығы небәрі 43 мың теңгені құраған.

Материалдар процесуалдық шешімдер қабылдау үшін Екібастұз өңірі бойынша қаржы полициясы басқармасына жолданды.