Оған Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген 31 мұғалім қатысуда.
Семинардың мақсаты - педагогикалық тәжірибемен алмасу, білімдерін жетілдіру, оқытудың жаңа инновациялық жолдарымен танысу, сонымен қатар, педагог мамандығының мәртебесін көтеру, басқа тілде дәріс беретін мұғалімдерді дайындау болып табылады.
"Біздің мақсатымыз тек ағылшын тілін үйрету емес, байланыс орнатып, тәжірибе алмасу. Біз сонымен қатар, семинар тыңдаушыларына ағылшын тілін үйренудегі әр түрлі инновациялық технологиялардың негіздерін таныстырамыз, жаңа оқыту жолдарын көрсетеміз. Мұндағы мақсаттарымыз ауыл мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру. Менің ойымша, бүгінгі ауыл балалары ағылшын тілін қалалық өз құрбыларынан кем білмеуі керек",-деді Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті Жанна Тұтбаева.