Жауап берген балалардың орта есеппен 9,1 пайызы жиі ауратындарын жеткізген. Әсіресе Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысының балалары жиі ауырып қалатындарын айтқан. Ал Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында балалар өз денсаулықтарының мықты екенін атап өткен. Сонымен бірге шағын және орта қалаларда тұратын перзенттеріміз жиі аурамыз деп жауап берген.
Сондай-ақ олар медициналық қызметтерге деген қолжетімділікке баға берді. Анықталғандай, балалардың 5 пайызы ауырған кезде қажетті препараттарға қол жеткізе алмайды, дәрігердің қабылдауына 4,5 пайызы кіре алмаған, тиісті ем-домдарын (стационарлық, санаторлық және тағы басқа) қабылдамағаны туралы 3 пайызы айтқан.
Ауыл балалары болса қажетті дәрі-дәрмекке қол жеткізудің қиындығына және медициналық мамандардың жоқтығына шағымданған.
Маңғыстау облысында респонденттердің жартысынан көбі (53 пайыз) қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығын айтқан.