Әкімнің айтуынша, жол мен ауылішілік көшелерді жөндеу үшін жергілікті билік тарапынан зор көңіл бөлінуде. Жылдан-жылға ауданның жол инфрақұрылымы жақсаруда.
«Биылғы жылы Викторовка ауылында 96 миллион теңгеге 4,6 шақырым жол және 348 миллион теңгеге су құбыры желісі жөнделді. Аудандық маңыздағы жолдар мен 11 елді мекендегі (Алексеевка, Приречный, Елікті, Шағалалы, Зеренді, Павловка, Садовый, Приречный, Ұялы, Приречный-Шағалалы, Қараөзек-Жаңатілек, Ортақ-трасса, Зеренді-Көктерек, Сейфуллин-Қараөзек, Павловка-Приречный, Қанай би -Жамантұз) көшелерді жөндеу үшін 652 миллион теңге бөлінді.
Облыстық маңыздағы (Еленовка-Чистополье-Есіл, Қонысбай-Сейфуллин- Қызылсая) жолдарға 1,4 миллиард теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - дейді Бауыржан Ғайса.
Аудан әкімі атап өткендей, жөндеу жұмыстары облыстық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жағдайын 54 пайызға жақсартуға мүмкіндік береді.