«Әкімдіктер бюджет қаражатының 27% игерген. Қаражаттың жоғары игерілуі Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында байқалады. Сонымен қатар ең төмен игерілу Алматы және Ұлытау облысында тіркелді.
Жалпы қазіргі таңда, 1 600 жоба бойынша конкурс өткізіліп, 158 жоба аяқталды. Өңірлер бөлінісінде жобаларды аяқтау көрсеткіші Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, 2022 жылғы өңірлік стандарттарға сай инфрақұрылыммен қамтылған ауылдардың саны артып келеді.
«Мұндай ауылдардың саны 786-ға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 525 ауылдық елді мекенге көп. Еліміздегі ауылдық аумақтарда тұратын 7,5 млн халықтың, 3,2 млн тұрғыны өңірлік стандарттармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдарда тұратынын атап өткен жөн», - деді Әлібек Қуантыров.