«Ауыл - ел бесігі»: Атырау облысының ауылдарына газ барады

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Атырау облысының Махамбет ауданы орталығында 4 жоба іске асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациядар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында аудан орталығында 4 жоба іске асырылуда. Олар - ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Махамбет ауылішілік жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу, Махамбет ауылының жаңа мөлтек аудандарына газ желілерін тарту, Абай Құнанбаев және Жайық шұғыласы көшелерін жарықтандыру жүйелерін модернизациялау жұмыстары, ал Махамбет ауылына ашық тренажер және баскетбол ойын алаңын салу бойынша жұмыстар жалғасуда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталатыны жоспарланып отыр», - дейді Жәрдемғали Ахметов.

Соңғы жаңалықтар