ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы А.Құнанбаев және А.Пушкин атындағы мектептерде замануи үлгідегі спорт залдардың құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алты мыңнан астам тұрғыны бар ауылда екі мектеп бар. Бұған дейін білім беру мекемелерінің оқушылары мектеп ішіндегі стандартқа сай келмейтін залда дене шынықтыру сабағын өтіп келген.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауыл мектептеріне қолдау күшейтіліп, жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалып отыр.
Жоспар бойынша нысандар 2022 жылдың сәуір айында тапсырылуы қажет. Қазіргі таңда құрылыс нысанындағы жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.