«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы: Егіндікөл ауданына 203 миллион теңге бөлінді
«Егіндікөл ауылында кентішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді, жеті көшеге асфальт төселді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасынан басқа, Егіндікөл ауданы ауылдарының жолдарына асфальт төсеу үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінді», - деді аудан әкімі Ерлан Мұхамедин.
Аудан әкімі атап өткендей, Егіндікөл және Полтавское ауылдарының көшелерін жөндеу үшін облыстық бюджет есебінен 147,5 миллион теңге қаржы бөлініп, асфальт төселді. Ал Ұзынкөл ауылында кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Алакөл ауылдық округі мен Спиридоновка ауылындағы көшелер жергілікті бюджет есебінен 22,6 миллион теңге қаржыға жөнделді. Облыс басшылығының қолдауының арқасында биыл ауданымыздың төрт ауылындағы 22 көшенің көше-жол жабынының сапасы жақсарды», - деп түйіндеді Е.Мұхамедин.