«Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерінде шамамен 30 млн адам өмір сүреді, миллион тұрғыны бар бірнеше қала орналасқан. Қаақстандық тауарларды ілгерілету үшін ресейлік билікпен тығыз өзар іс-қимыл, инвестиция тарту – қазақстандық шекара маңын дамытудың өте маңызды факторы», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті ауыл әлеуетін толық ашу проблемасы да стратегиялық маңызды мәселе болып қала беретіндігін баса айтты.
«Ауылдағы ең өткір проблемаларды шешуге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Өңірлік дамудың жаңа әдістері урбанизация процесін басқаруға, «көші-қон толқынының» кезең-кезеңмен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ірі қалаларда халық санының артып кетіп, әлеуметтік шиеленісті болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.