– Республикалық маңызы бар 674 шақырым трассаны және жергілікті желінің 800 шақырымнан астам автожолын реконструкциялау жалғасуда. Жалпы ұзындығы 513 км болатын Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал жаңа жолымен жүру қамтамасыз етілді, – деп хабарлады облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ баспасөз мәслихатында. – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, келесі жылға толық аяқтау жоспарланған.
Келесі жылы Жезқазған-Қызылорда автожолында Қарағанды облысының учаскесінде жол – құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Сапалы жол Жезқазған мен Сәтпаевтың сауда-көлік байланысын күшейтуге, сондай-ақ жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді.