Жаңа нысанның лентасын қиған Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мерекелік жиында спорт ардагері Асан Жұмабаев тәуелсіздік жылдарында мемлекет тарапынан ауылдарға әлеуметтік көмектің көптеп көрсетіліп жатқандығына тоқталды. Мамыр айында басталған құрылыс Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталды.
Спорт кешенінде воркаутпен айналысуға арналған, сондай-ақ футбол, шағын футбол, баскетбол, волейболға арналған алаңдар бар. Бұдан бөлек, еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокс бойынша күнделікті жаттығулар өткізілетін залмен қатар қол добы, үстел теннисі, баскетбол, волейбол сынды командалық ойындарды ойнауға мүмкіндік қарастырылған.