Ауыл еңбеккерлерінің міндеті нан мен астық өсіру ғана емес - өздері еңбек етіп, өмір сүріп жатқан ауылдардың әлеуметтік саласын да дамыту - Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов
Жақында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Елбасы Жарлығымен ол Қазақстанның Еңбек Ері жоғары атағына ие болды.
Сайран Балкенұлы 1973 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Қостанай филиалына оқуға түсіп, осы саланы жас шағынан таңдады. Өзінің еңбек жолын Қостанай облысындағы «Боровской ауданындағы «Боровской» кеңшарында агроном болып бастады. 1984 жылдан бастап - Боровской ауданының «Харьков» совхозында директор, бұл шаруашылық 1997 жылы Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданының «Қаркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналды. Еңбектегі жетістіктері үшін 199 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ тың және тыңайған жерлерді игерудің 30 жылдығы мен 50 жылдығы мерекелік медальдары бар.
Сайран Бұқанов басқарған «Қаркен» ЖШС аймақтағы шаруасы өркендеп отырған кәсіпорын. Экономикалық жағынан табысты кәсіпорын астық өсіреді, ет, сүт өндіреді.
Мамандығы бойынша агроном Бұқанов Меңдіқара ауданындағы жер жағдайы онша құнарлы емес алқаптардан соңғы жылдары гектарынан 17-23 центнерден дән жинап отырғандарын мақтаныш етеді. Шаруашылықта егіс көлемі 15 мың гектарға жетті. С.Бұқановтың шаруашылығы ауылды одан әрі дамытуға бағытталған және мемлекеттен қаржыландырылып отырған бағдарламаларға белсене қатысуда - көктемгі далалық жұмыстарға несие алады, техниканы лизингі сатып алуда, мемлекеттік резервтерге астық сатуда.
Фермердің айтуынша, бүгінде мемлекет елдің аграрлық секторына үлкен қолдау көрсетуде. Мемлекеттің қамқорлығы арқасында ауылдар қайта түлеп, аяғынан тұрып келеді. Мәселен, «Қаркен» серіктестігі соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы техникалары паркін 100 пайызға жаңартты.
«Біз далалық жұмыстарға Канадада, АҚШ-та, Аргентинада шығарылған машиналар мен егіс кешендерін пайдаланып отырғанымызды мақтанышпен айта аламыз. Ауыл еңбеккерлерінің міндеті нан мен ет өндіру ғана емес, өздері тұрып өмір сүріп жатқан ауылдың әлеуметтік саласын да дамыту. Шаруашылық жүргізуші субъетілердің көмегімен біздің Меңдіқара ауданында салынған көптеген мәдениет үйлері, мектептер, спорт залдары өзінің жарақтануы жағынан қаладағылардан кем түспейді», - деді өзінің сұхбаттарының бірінде С.Бұқанов.
Кәсіпорын жыл сайын жергілікті Мәдениет үйін, фельдшерлік-акушерлік пунктті, мектепті, су құбырын ұстап тұруға, аумақтарды абаттандыруға 5 млн. теңге қаржыны қайтарымсыз беріп отыр. Биылғы жылы кәсіпорын 20 миллион теңгеге Мәдениет үйін еурожөндеуден өткізді, мектептің, медпункттың жылыту жүйелерін ауыстырды.
Сайран Бұқанов жаңаша ойлап, жұмыс істейді, жерді өңдеуде ресурстарды үнемдейтін ілгерішіл технологияларды пайдаланады, тәжірибе алмасу үшін шетелдерге жиі шығып тұрады.
Бүгіндері «Қаркен» ЖШС «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға етті бағыттағы 2,5 мың бас іріқара малын бордақылайтын алаң жасақтау үшін инвестициялық жобасын ұсынды. Шаруашылық бұдан әрі осы саланы кеңейтіп, бағымда күтілетін іріқара басының санын 5 мыңға дейін жеткізбек. Бұл инвестициялық жобаның құны 360 млн. теңгені құрайды.
Қостанай облысында Бұқанов ең сауатты және іскер ауыл шаруашылығы өндірісінің басшысы ғана емес, ең белсенді және бастамашыл облыстық мәслихаттың депутаты ретінде де танымал. Ол мінбеден сөз алғанда әрқашан да өзінің пікірін білдіреді, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін көздейтін ойларымен бөліседі.