Ауыл ішіне малын бос жібергендерге айыппұл салынды - Павлодар

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар ауданында тұрғындар ауыл ішін ластаған қаңғыбас малдарға шағымданып, иелеріне 75 мың 750 теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар ауданы әкімінің виртуалды қабылдауына Заряауылдық округі Бірлік ауылының тұрғындары қаңғыбас малдар мен жылқылар жөніндешағымданған. - Бірлік ауылының ата-аналары атынан сізге өтінішіміз бар. Ауылымызда қаңғыбас малдар менжылқылар көбейіп кетті. Күндікке 20-25 бас жылқы қаңғып жүреді. Керек десеңізтүсірілген суреттер жетерлік. Балаларды далаға жіберуге қорқамыз. Ауылымыз малқалдығымен ластанып барады, - делінген хатта.

Тұрғындардыңсауалына тиісті тұлғалардың жауапқа тартылғандығы туралы жауап берілген. -Сіздердің аудан әкімінің сайтына жолдаған өтініштеріңізге сәйкес, Заря ауылдықокругі әкімінің аппараты округтің үш тұрғынына ӘҚБтК 505 бабы (абаттандыруережелерін бұзушылықтары) қаңғыбас малдың жасыл желектерді жою және бүлдіруфактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 75750 теңгегеайыппұл салды, - делінген жауапта. Ауданәкімдігінің мәлімдеуінше, округ әкімдігі учаскелік полиция инспекторыменбірлесіп, қаңғыбас малға жауапкершілік шараларын түсіндіру бойынша тұрғындарментұрақты түрде жұмыс жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар