Ауыл мектептерін жабуға болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шалғайдағы мектептерді ойланбай жаба беруге болмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде жалпыбілім беретін 7 014 мектептің 128-і үш ауысыммен жұмыс істейді. 31 мектепапаттық жағдайда. 2019-2020 жылдар аралығында үш ауысымды оқытуды жойып,апаттық мектептерді алмастыру үшін республикалық бюджет есебінен 35 мектепсалынады. Тәуелсіздік жылдарында 1 198 мектеп салынған. Біз демографиялықтенденцияларды ескере отырып, мектептер салу және жаңғырту ісін әрі қарай дажалғастырамыз», - деді Президент өз сөзінде.

Ол сондай-ақ,шалғайдағы ауылдардың көбі мектептердің арқасында тарамай отырғанын айтты.

«Білім және ғылымминистрлігіне мектеп құрылысына кететін қаржыны жоспарлау жүйесін қайта қараукерек. Нақты айтсақ, нысандық жоспарлаудан нормативтік жоспарлау жүйесіне көшуқажет. Өңір әкімдері жаңа мектеп салу немесе жөндеуді жоспарлау кезіндедемографиялық және миграциялық жағдайды ескергені абзал. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктетігі арқылы жеке меншік мектептер салу жағын қарастыру қажет. Шағынкомплектілі мектептерді тиімді дамыту маңызды мәселе. Көптеген шалғайдағы елдімекендер сондай мектептердің арқасында құрымай тұр. Сондықтан мектептердіойланбастан жабуға болмайды. Мұндайда келешегі айқын елді мекендерге басымдықбере отырып, жан-жақты шешім шығарған жөн. Әрбір шағын комплектілік мектептіңахуалы ауыл тағдырымен тікелей байланысты. Ал ауыл – біздің алтын бесігіміз,ата-бабамыздың мекені, терең тарихымыздың куәсі. Сондықтан оны сақтап қалуымызкерек», - деді Президент.

Еске салсақ,Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Тамыз конференциясы өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев ағылшын тілін оқыту қай сыныптарданбасталатынын айтты. Конференциябарысында Мемлекет басшысы барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге дейін болатынынайтты.

Соңғы жаңалықтар