Ауыл мен қала мектептеріне бірдей жағдай жасалуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан Тамыз конференциясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі теңсіздіктерді жоюды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беруісіндегі теңсіздікті жою маңызды. Бұл мәселе көптеген дамыған елдерде өзекті.Ол халықтың әлемуеттік-экономикалық әл-ауқатына тікелей байланысты. Біздегіауыл мен қала балаларының арасында білім беру деңгейі бойынша айырмашылықболмауы керек. Білім беру стандарттары бірыңғай болуы тиіс. Бұл білім берубағдарламасына да қатысты. Барлық балалар тұрғылықты орнына, ата-анасының әлеуметтікмәртебесіне қарамай, сапалы білімге қол жеткізе алуы керек. Білім және ғылым министрлігіне табысы төменотбасылар мен күрделі әлеуметтік жағдайда жұмыс істеп жатқан мектептердіңбалаларының академиялық артта қалуын жоятын арнайы бағдарламаларды дайындапіске қосуды тапсырамын. Облыс әкімдері бұл тапсырмамен түбегейлі айналысуыкерек. Жер-жерде балаларымызға барлық жағдай жасау – олардың тікелей жауапкершілігі», - дедіПрезидент.

Ол сондай-ақ, облысәкімдеріне жергілікті грант бойынша білім алатын түлектерді өз өлкесіндеқалдырудың жүйесін қалыптастыруда тапсырды.

«Ауылды жерлердегікөптеген шағын комплектілі мектептерде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беругемәжбүр болып жүргенде қандай білім сапасы туралы айтуға болады? Өңір әкімдерінеоблыс мектептеріне үздік мұғалімдер мен педагогтарды тарту үшін гранттар бөлудітапсырамын. Білім беру – экономиканың нақты саласы. Сондықтан, ол маңызды назармен көлемді салымды талап етеді. Тек солай ғана өңірлер мен еліміздің дамуын қамтамасыз ете аламыз. Әкімдертүлектерді өз өлкесінде қалдырудың жүйесінойластыра отырып, жүйелі түрде жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретінжеке гранттар бөлуі қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, елордадағыТәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамызконференциясы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы жиында ағылшын тілін оқыту қай сыныптарданбасталатынын айтты. Сондай-ақ барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге дейінкөбейтілуі мүмкін екендігі мәлім етілді.

Соңғы жаңалықтар