Ауыл мұғалімі ғылым кандидаты атанды - Қызылорда облысы
13:39, 30 Маусым 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/- Жаңақорған ауданындағы №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектеп директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Салтанат Үсенбаева филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ие болды.
Ол диссертациясын ҚР Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы диссертациялық кеңестің мәжілісінде «Көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің лингвистикалық қызметі» деген тақырыпта қорғады.
2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды жүзеге асырмақшы. Онда жоғары оқу орындарының рейтингісі әлемдік деңгейге жету керек екендігі атап көрсетілген. Ал қазіргі білім беру қандай болуы керек, ол қандай міндеттерді шешуге тиіс. Ғылым қайраткерлері қатарына жаңадан қосылып отырған кандидаттың ғылыми еңбегінде осы мәселе кеңінен қозғалады.