«Ауыл» партиясының өкілдері өңір тұрғындарымен кездесуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрамына Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық мәслихаттарына үміткерлер енген «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының үгіт-насихат тобы «Азия Тарангул» ЖШС-да болды. Еңбек ұжымымен кездесу «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының басшысы Темірғали Әбілмәжіновтің қатысуымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаруашылық басшысының айтуынша, «Ауыл» партиясының азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңды қабылдау жөніндегі бастамасы өте уақытылы, өйткені соңғы жылдары АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау жүйесінде «тұрақтылық» ұғымы жоғалып кетті.

Кездесуде сондай-ақ, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың төмен деңгейі және жанар-жағармай қолжетімділігі мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, бүгінҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер және облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында шаруа қожалық ұжымдарымен және іскер әйелдермен, көпбалалы аналармен кездесулер өткізді.

Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Набережное ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Арсютин Н.Г., Павлодар облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Аманжолов Б.А., Тоқтушаков Е.Ч., «Ауыл» ХДПП қоғамдық бірлестігінің сенімді өкілдері Байгурманов Е.Н., Батыршаев А.О., Жексенби М.А. «Андас» шаруа қожалығының ұжымымен жүздесті.

Түркістан қаласында ҚР Парламент мәжілісіне үміткерлер Қ.Ә.Аралбекова, Р.Ә.Тоқсейтова, Б.Төлеген Түркістан қалалық мәслихатына үміткер Қ.К.Бәймен, Қазығұрт аудандық мәслихатына үміткер С.Стыбаева іскер әйелдермен және көпбалалы аналармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды және көпбалалы аналардың мәселелерін тыңдады.

ШҚО, Глубокое ауданы, Прапорщиково кентінде «Ауыл» ХДПП-сы атынан облыстық және аудандық мәслихаттарға кандидаттар М.Т.Фараджев «Мурзыканова» ШҚ-ның ұжымымен кездесті.