Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер аукцион арқылы жеке меншікке сатылатын болады - Е. Досаев
«Ауыл шаруашылығы мақсатында жерді тиімді пайдалану үшін оны аукцион арқылы жеке меншікке сату көзделеді. Бұл ретте мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларына жеке меншіктік құқықпен аукцион арқылы кезеңдер бойынша берілмек. Атап айтқанда, бірінші кезекте жер учаскесінің кадастрлық құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы сатылады. Бұл ретте ағылшындық әдіспен болатын екі аукцион арқылы участок сатылмаса, онда ол енді жер учаскесінің кадастрлық құнының елу пайызына төмендетілетін аукционға қойылатын болады. Бұл жердің толыққанды нарықтық құралға айналуына және ауыл шаруашылығының өтімді активі болуына жол ашады», - деп түсіндірді министр Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттары да қарастырылады. Министрдің сөзіне қарағанда, бұл норма бүгінгі жалға алушылардың мүддесіне орайластырылады. Бұл ретте оларға бұдан бұрын берілген ауыл шаруашылығы жер учаскелерін пайдалану құқығының мерзімі аяқталғанға дейін жеке меншікке жердің кадастрлық құнының елу пайызы мөлшеріне дейін айқындалатын жеңілдік бағамен төлеу қарастырылады. Бұл төлеу мерзімі кейіннен он жылға дейін ұзартылу құқығы да көзделеді.