Ауыл шаруашылығы министрі Павлодар облысының ветеринарларына автокөліктердің кілттерін табыс етті
деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі
«Рубиком» кәсіпорны ЖШС тікелей интеграциялаушы холдинг болып келеді. Бұл кешен өндірістің барлық тізбегін, яғни шикізат базасынан заманауи қайта өңдеуден, ет және сүт өнімін өндіріп, оны өткізуге дейін қамтиды. Облыс орталығын, астананы және көршілес аймақтарды жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ететін өндірісте бүгінде 1000ға жуық адам қызмет етеді. Министр 1600 шошқа басына арналған мал шаруашылығы кешені жұмысымен танысты.
«Павлодарлық» сервистік-дайындау орталығы азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету және маусымаралық кезеңде тұрақты бағамен жеміс-көкөністер өнімдерімен ішкі нарықты қанық ету үшін жергілікті өңірдің көкөнісшілермен үлестік негізде құрылды. Оның негізінде облыстық тұрақтандырушы қор құрылды, бұған 1050 тонна картоп және 1350 тонна көкөніс салынды. Үстіміздегі жылы сақтау қуаттылығы 14,2 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.
Келесі сапар бағдарламасы 30000 тоннаға арналған майлы дақылдармен дәнді дақылдарға арналған элеватор болды. Өндірісте жұмыс орындарымен 100 адам қамтамасыз етілетін болады. Құрылыс 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталмақ.
Соңынан министр Успенка ауданының «Галицкое» ЖШС-ға жол тартты. Ірі шаруашылық жыл сайын шамамен 30 мың гектар танапқа егін себеді. Жылына шамамен 2400 тонна сүт, 520 тонна ет өндіріледі. Таяуда 500 басқа арналған заманауи сүт-тауарлық ферма іске қосылды, қазақтың ақ бас сиырын өсіру бойынша 600 басқа арналған асыл тұқымды репродукторлар қайта жаңғыртылды, ауысымда 7 тонна өнімділікпен құрама жем зауыты іске қосылды.
Шаруашылықта үлкен зейін әлеуметтік инфрақұрылымға бөлінеді. Өндіріс жұмысшыларына 22 пәтер салынды. Галицкое ауылындағы барлық үйлер жылыту жүйесі мен суға қосылған. Спорттық кешен пайдалануға берілді. Новопокровка кентінде балаларға арналған орталық жөндеуден өтті.
Облыс орталығында облыстың ветеринария инспекторларына автокөлік кілттерін табыс ету рәсімі өтті. Президенттің тапсырмасымен республиканың барлық аудандарына елімізде құрастырылған жоғары жылдамдықты 257 автокөлік жіберілген.
Кілттерді табыстай отыра, министр мал шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін жоғарылату бағдарламасын жүзеге асыруымен байланысты Елбасы ауыл шаруашылығы саласы алдында ветеринарлық қауіпсіздік және эпизотикалық жағдайды жақсарту бойынша үлкен міндеттер қойғанын атап өтті. Қазақстанның Кедендік одаққа кіруіне байланысты осы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.