Ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппай келе жатқан біраз мәселелер бар екендігін баса айтқан ол: «Біріншіден, жемдік астық қорын құру жағдайы алаңдаушылық тудырады. Бүгінгі таңда жоспарланған 114 мың тонна жемдік астықтан 6 мың тонна немесе бар болғаны 5 пайыз ғана сатып алынған. Осыған байланысты бұл жұмысты жандандыруымыз қажет. Бұл істе жергілікті атқарушы органдардан, әкімдіктерден көмек сұраймыз», - деді.
Сондай-ақ өз сөзінде ағымдағы жылдың 11 қарашасында Өскемен қаласында өткен республикалық кеңесте ветеринария жүйесін жетілдіру туралы шешім қабылданған атап өткен министр: «Оларды орындау үшін министрлік мемлекеттік функцияға аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мен жануарларды біріздендіру және ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын одан әрі күшейту мақсатында оның жүйесін кезең-кезеңімен қосымша қаржыландыру жөніндегі жұмыстарды қосу бөлігінде заңнамалық базаны өзгерту туралы тиісті ұсыныстар дайындады. Осы ұсыныстарды уақытында қолдау қажет болады», - деді.