Ведомствоның жауапты хатшысы Евгений Аманның айтуынша, егін түсімін болжау өткен егін науқаны барысында орын алған күрделі табиғи жағдайларға байланысты қиынға соғады. Мәселен, шілде айы бойына қуаңшылық болса, тамызда бірқатар өңірлерде жауын-шашын мол түсті. Бұл арамшөптерді де қаптатқан. Осының өзі егін орағының қарқынын бәсеңдетіп, бидай сапасына да өз әсерін тигізуде. «Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, біздің болжамымыз бұрынғы қалпынша, жалпы бидай жиыны шамамен 13 млн. тонна болады деп күтіледі», - деді Е.Аман.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жауапты хатшы күтілетін ағымдағы егін түсімінен бөлек, Қазақстанда 2011 жылдан қалған 9 млн. тонна астықтың бар екендігін айтқан болатын.