еп хабарлады ведомствоның жауапты хатшысы Евгений Аман pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Биыл барлық өңірде аптап ыстық және құрғақшылық байқалуда. Әсіресе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы ыстықтың беті жаман. Қалыптасқан ахуалды түсіне және және проблемаларын салдарын бағалай отырып, біз бірқатар шараларды белгілеп отырмыз», - деді Е.Аман.
Жауапты хатшының айтуынша, бұл шаралар тұқымдық резервін жасауға, несиелерді ұзарту ықтималдығына қатысты болады, сондай-ақ жем-шөп даярлауды арзандату үшін жеке арнайы қолдау шаралары қабылданбақ.
«2010 жылы біз бірқатар шараларды сыннан өткізіп көрдік, биыл олардың қатарын кеңейтіп, бизнестің шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін қолдау шараларын қабылдамақпыз. Көптеген шаруалар үшін жем-шөп жетіспеушілігі үлкен проблема болып табылады, сондықтан да мал басының азайып кетуіне жол бермеуіміз керек», деді Е.Аман өз сөзінде.
Евгений Аман сондай-ақ, былтыр көптеген шаруашылықтардың жем-шөптің екі жылдық қорын жасап алғанын, соның арқасында олар биылғы құрғақшылықтан жеңіл шығатынын айта келіп, ал қорлары жоқ фермерлік шаруашылықтарға көмектің қажет екенін айтты.
«Егер шаруашылықтар мал басының санын азайтқысы келсе, біз оған да дайындыз, қазір біз «Сыбаға» бағдарламасының аясында ірі қара мал басын сатып алуды ұлғайтып отырмыз», деп түйіндеді өз сөзін Е.Аман.