Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан I Халықаралық мал шаруашылығы форумында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бұл өте күрделі жұмыс. Оны жүзеге асыру үшін алдымен егістік алқаптардың құрылымын өзгерту жағын ойластыру қажет. Сонымен қатар азықты қалай және қандай жолмен дайындау қажеттігін шешіп алған жөн. «Бұл өте терең талдауды қажет ететін үдеріс», деді Жауапты хатшы.