деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін субсидиялар элиталық тұқым мен асыл тұқымды өнім сатушыларына бөлініп келді. Оның үстіне оларға тағы квоталар белгіленді. Ал бұл квоталар осы элиталық тұқымдар мен асыл тұқымды өнімді сатып алушылар арасында бөлінетін. Нәтижесінде сатып алушылар сатушыларға тәуелді болды. Енді біз бұл тетікті толығымен өзгертіп, субсидияны тікелей тауар өндірушілерге бөлетін болдық. Енді оларда таңдау құқығы болады. Ал сатушылар арасында бәсекелестік пайда болады. Аталмыш шараның өнім сапасына оң әсер ететіні сөзсіз», деді министр.