Сондықтан да «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заңға сәйкес, аталған етті жоюға жатады. Осыған орай, министрлік 16 тамыз күні сыртан әкелінген 200 тонна етті жою шарасын өткізбекші.
12:10, 16 Тамыз 2011
Ауыл шаруашылығы министрлігі сырттан әкелінген 200 тонна етті жоятын болды
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан елімізге сырттан әкелінген 200 тонна ет тәркіленді. Мәліметтерге қарағанда, министрліктер еттің қайдан келгенін, кімдікі екенін анықтап, біле алмай отыр.