Министрдің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шаралары аясында форвардтық келісімшарттарды енгізу, ҚазАгро кредиттері бойынша мерзімін ұзарту және рестуктуризациялау жолымен қаржыландыру тетіктерін кеңейту жоспарлануда.
«Мұнан басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылатын болады. Субсидияланатын шикізат санатын кеңейту жоспарланып отыр. Пилоттық режимде «егістіктен сөреге дейін» қаржыландыру тетігі енгізіледі. Бұл - аграрлық өнімді тұрақты сатып алу және өткізу жүйесі», - деді Руслан Дәленов.