Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 1,5 пайызға төмендеді

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы маусым айында 2011 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы  саласында сатылған өнімдер 1,9 пайызға, мал шаруашылығы өнімдері 0,8 пайызға арзандаған.

 Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Ал қаңтар-маусым айларында қарабидай бағасы 6,5 пайызға, тары - 2,8 пайызға, бидай  - 2,1, сұлы -  1 пайызға арзандаса, жүгері бағасы 3 пайызға, күріш - 1,7, арпа 0,4 пайызға қымбаттаған.

Есепті кезеңде қырыққабат 11,3,  картоп - 11,1, ас қызылшасы -  7,3 пайызға, пияз - 3,1, сәбіз -  0,4, күнбағыс тұқымы 10,3 пайызға арзандаған.

Қой еті 9,8 пайызға, жылқы еті - 5,9, ірі қара малдың еті - 4,3 пайыз, құс еті - 4 пайыз, шошқа - 2,6 пайызға қымбаттады. Жұмыртқа 20,4 пайызға, шикі сүт 5,2 пайызға арзандады.