«Сіздер білесіздер, біздің еліміз бидайды экспорттайды. Біздің пайымдауымызш,а азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру түрлі бағдарламалар мен жобалар аясында жыл сайын бидайды экспорттауды 1 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев.
Ведомствоның ақпараты бойынша, қазіргі уақытта еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы 200-ден астам млн гектарды құрайды.
«Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2015 жылы 4,4%-ға өсті және 2,7 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты соңғы бес жыл ішінде 1,3 есеге өсті және 2015 жылдың қорытындысы бойынша ол 1,1 млрд АҚШ долларына жетті», - деп мәлімдеді АШМ.