Ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық қылмыстар көбейді – агенттік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлық қылмыс екі есеге ұлғайды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдыңжартыжылдығында ауыл шаруашылығы саласында 75 жемқорлық қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 125-ке жеткен. Аталғанқылмыстық істер бойынша 76 адам айыпталған. 62 қылмыстық іс сотқа жіберіліп, 20адам сотталған.

«Әсіресемемлекеттік сатып алулар мен рұқсат беруде, субсидияландыруда қаражат жымқыру,пара алу, өз қызметін асыра пайдалану фактілері жиі кездеседі. Елдіветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығыөнімдерін шығаруға және әкелуге заңсыз рұқсат берілген. Осылайша, сантарлықталаптарға сай келмейтін сатылуына жол берілген», - деді Д. Бекайдаров.

Оның айтуынша,шенеуніктің кәсіпкерлермен тікелей қарым-қатынасы сыбайлас жемқорлықтың бірсебебі болып отыр.

«Сондықтан,ветеринарлық бақылау мен қадағалау жүйесіне ашықтық пен қоғамдық бақылаумеханизмін енгізіу қажет. Рұқсат беру бойынша ведомстволық комиссия құрылып,өтінімдер тек қана жлектронды түрде берілуі тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсетумерзімін қысқарту қажет», - деді тергеуші.

Соңғы жаңалықтар