Оның сөзіне қарағанада, осы қорларда жиналған қаражатты жас мамандардың іс-тәжірибелерін шыңдауға, қайта даярлау курстарына, сондай-ақ шет тілдерін оқытуға жұмсау көзделіп отыр. «Әрине, біз жас мамандарға материалдық жағынан көмектесуді, яғни тұрғын үймен қамтамасыз етуді де ойластырып жатырмыз. Мәселен, бірнеше ғылыми-зерттеу институттардың қаржылық мүмкіндіктерін біріктіре отырып, шағын жатақханалар ашуға болады. Бүгінгі таңда біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - дейді С.Кененбаев.
Сондай-ақ оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы білімді әрі қарай дамыту жолында жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантура бөлімдерін ашу жоспарланған.