Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі шаралар халықтың материалдық әл-ауқатын арттыруға жағдай жасауда

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - «Жәнібек Сенбек» ШҚ, «Шымкент құс» ЖШС, «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтты» ЖШС ұжымдары  сайлаудағы жеңісіне орай «Нұр Отан» партиясын және оның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты  құттықтады.

Құттықтауда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі шаралар  халықтың материалдық әл-ауқатын арттыруға жағдай жасауда екендігі атап өтілген.

«Бүгінде жол салынбаған, ауызсу мен газ жеткізілмеген ауыл қалмады десек болады.

Өткен Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаудың жөні бөлек болды. Мұны біздің әрқайсысымыз жете түсініп, бәрімізде таңдауымызды «Нұр Отан» ХДП-ға жасадық.

«Нұр Отан» арқылы елдегі тұрақтылықты, береке-бірлікті, бақуатты тұрмысты нығайту жолында біз қол жеткен биіктерден де жоғары белестерге жету үшін бұрынғыдан да ұйымшылдық, ынталылық таныта береміз»,-делінген құттықтауда.