ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапары барысында Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында болып, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңа түрлерімен танысты.
Ол осы жылдан бастап отандық өндірушілерден аспалы-тіркемелі ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу үшін жеңілдетілген несие бағдарламасы іске асырылатынын атап өтті (шағын механикаландыру). Бұл мақсатқа 5,5 % мөлшерлемемен 5 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылғанын да айта кетті.