Ауыл шаруашылығы вице-министрінің Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары басталды

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен ара өсіру шаруашылығы мен марал шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған кеңес басталды.

Аймаққа  екікүндік   сапарының  барысында    вице-министр Глубокое,  Көкпекті  және Қатонқарағай аудандарының  далалық алқаптарына     танысу  сапарын жасайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен   хабарлағандай,    вице-министр   егін орағының  барысымен,   Қатонқарағайдағы  марал шаруашылығының  жұмысымен   танысады  және   бірқатар облыстық ара өсіру  шаруашылықтары мен құс шаруашылықтарын  аралайды.

Негізгі кеңестің   жұмысына  Шығыс Қазақстан   облысының,   Шымкент  пен   Павлодардың  омарташылары  қатысуда.