«Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, шетелдіктерде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке сатып алу құқығы жоқ. Тек 25 жылға жалға алуға мүмкіндігі бар. Бұның барлығы заңмен регламенттелген. Ал егер құрылыс, жеке тұрғын үй құрылысы және басқа да қажеттіліктерге жерлер сатылуы мүмкін. Алайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетел азаматтарына сатылмайды»,-деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы жылдың 1 шілдесінде күшіне енетін ҚР «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлері бірінші кезекте жеке және заңды тұлғаларға жекеменшік құқығымен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы беріледі.
Сонымен қатар жалға берілген жерлерді сатып алу бойынша жеңілдікті жағдайлар жасалып отыр.