Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков елордада өткен «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астаналық экономикалық форумның панельдік сессиясында айтты.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа жүйе ғылым мен агротехниканың одан арғы жетістіктерін біріктіріп, ауыл шаруашылығы саласының төтеннен келген табиғи және қаржылық қауіптерге төтеп беру қабілетін арттырар еді. «Сондай-ақ ауыл шаруашылығы қоғамның барлық деңгейдегі өкілдері үшін ашық болуы керек. Бұл жағдай азаматтардың өздерін-өздері дамытуға экономикалық мүмкіндіктер тудырады»,-деді министр.
18:54, 03 Мамыр 2011
Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа парадигмасын құру қажет - Ауыл шаруашылығы министрі
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық Азия елдері экономикалық өсімге қол жеткізуді мақсат етіп отырған тұста ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа парадигмасын құрудың маңызы зор.