«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрайымының орынбасары сайланды

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Сарыбаев Нармұхан Қалмаханұлы қоғамның басқарма төрайымының орынбасары болып сайланды.

Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Н.Сарыбаев - мамандығы бойынша халықаралық экономикалық қарым-қатынастар жөніндегі экономист. Чарлстоун (АҚШ), Хайфа (Израиль), Анқара (Түркия) қалаларында өткен инновациялық саясат, инвестицияларды тарту, ауыл шаруашылығы саласындағы инвестжобаларды жүзеге асыру тақырыбындағы курстарды тәмәмдаған.

Коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген, "Агро-Трейд Со" ЖШС, "Мақта компаниясы" ЖШС, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" ММ-де басқарушы қызметтерін атқарды.

2009 жылдан "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ несиелеу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.