«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры сайланды

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы 2013 жылғы 19 тамыздағы №51 шешімімен Машабаев Азат Еркінұлы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

А.Машабаев Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша; ҚР Президенті «Болашақ» стипендиясымен Бремен Мемлекеттік университеті заң факультеті магистратурасын; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірді.

RWE AG, (Гамбург қаласы, Германия), Ішкі аудит институты, (Мәскеу, Ресей), КИМЭП және Тәуелсіз директорлар ассоциациясының (Қазақстан) және т.б. курстарында білім алды. Бағалы қағаздар ұлттық комиссиясы, Мемлекеттік кіріс министрлігінің біліктілік куәліктері бар. Халықаралық ішкі аудиторлар институты, «Болашақ» президенттік стипендиясы түлектерінің ассоциациясы, Қазақстандық және Ресейлік ішкі аудиторлар ассоциацияларының мүшесі, сертификатталған тәуелсіз директор.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін еркін пайдаланады.

«ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Самұрық» Қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘХ» АҚ, «Қазақстандық коммуникациялар» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-да басқарушы қызметтерді атқарды. Қазіргі таңда - «Strategy Partners Kazakhstan» ЖШС Қазақстандағы кеңсесінің басшысы.