А.С.Мұхамадиева Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Теориялық математика» мамандығы магистратурасын «Математика» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Сондай-ақ Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.
ЕҚДБ Қазақстанның шағын бизнесін қолдау бағдарламасының аудиторы, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктері - «АТФ Банк» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, директоры болып қызмет жасады. 2011-2014 ж.ж. «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2014-2015 ж.ж. - «Самұрық-Қазына» АҚ бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылғы маусымнан - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры. Қоғамның жалғыз акционері - «ҚазАгро» холдингі басқармасының 2015 жылғы 19 маусымдағы №38 шешімімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.