оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,7 млрд. теңге, өз қаржысынан - 1,4 млрд. теңге, тартылған қаржыдан (оның ішінде - Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасымен) - 8,6 млрд. теңге жұмсалмақ.
Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша фермерлік шаруашылықтарға ірі қара малдың аналық басын сатыпу алу үшін, өз қаржысы - «Егінжай» бағдарламасы бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына және «Сыбаға» бағдарламасына, тартылған қаржы - «Сәтті» исламдық қаржыландыру және Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламаларына бағытталмақ. Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының 14 700 қарыз алушысы бар. Осы жылдың аяғына қарай олардың саны 20 мыңға жетеді деп жоспарланған.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның ауылдық шағын несиелеу нарығындағы үлесі 61% құрайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың үш тоқсанында шағын несиелеу ұйымдары ауыл тұрғындарына 1 857,3 млн. теңге бөлсе, Қордың осы мерзімдегі ауылдықтарға бөлген сомасы 2 955 млн. теңгені құрады. Жалпы, 2005 жылдан бастап, несиелендірудің түрлі бағдарламалары бойынша Қор ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 40 млрд. теңгеден астам 84 мың қарыз берді.
Жалпы 2012 жылдың қорытындысы бойынша, «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобы аграрлық секторды қолдауға 172 млрд. теңге жұмсады. Сонымен бірге, 2012 жылы «ҚазАгро» тарапынан АӨК субъектілерін несиелендіру көлемі 135 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың деңгейінен 18% (114,3 млрд. теңге) артық. Бүгінгі таңда Холдингтің жиынтық несие қоржыны жалпы АӨК несиелендіру көлемінің 46%-ды құрайды. Бұл ретте Ұлттық холдингтің қаржыландыру құрылымындағы бюджеттік қаражаттың үлесі 19%-ды құрайды, қалғаны - меншікті (34%) және тартылған (47%) қаражат.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.