Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ басқармасының шешімімен Глухов Анатолий Леонидович «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып сайланды. Глухов А.Л. «Банктік іс», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша білім алған. «Қазақстанның микроқаржылық ұйымдары ассоциациясы» ЗТБ директоры болып жұмыс жасайды, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ тәуелсіз директоры, сондай-ақ Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Қаржы секторы комитетінің құрылымына кіреді.
Акционерлік қоғамдағы Директорлар Кеңесінің шешімімен Баймұрынов Марат Алтынғазыұлы Қоғамның Ішкі аудит қызметінің басшысы болып сайланды. Осыған дейн «Қазастанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы - «БРК-Лизинг» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы болып жұмыс жасаған.
Сондай-ақ басқарма Төрағасының бұйрығымен Иманқұлов Қазбек Бекболатұлы Шағын несие ұйымдарымен жұмыс жасау департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұған дейін осы департаментте директорының орынбасары болып қызмет атқарған.