Ауыл шаруашылығын қолдау қорының несие бағдарламалары арқылы 2012 жылы 11,2 млрд. теңге бөлінді

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2012 жылдың нәтижелерін қорытындылады. ҚазАгро холдингінің еншілес компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған қордың әртүрлі несие бағдарламалары арқылы 11,2 млрд. теңге бөлінді. Оның 6 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен берілді.

Бүгінгі таңда қордың несие қоржыны 21,4 млрд. теңгені құрайды. Ондағы «Сыбаға» бағдарламасының үлесі - 45%, «Ауылдық шағын несие» бағдарламасының үлесі - 27%, ал «Шағын несие ұйымдары» бағдарламаларының үлесі - 12%. Аймақтар арасында несие өнімдерін Алматы (2,3 млрд. теңге), Шығыс Қазақстан (1,9 млрд. теңге), Оңтүстік Қазақстан (1,8 млрд. теңге) облыстары ең белсенді болып игеруде.