«Шамамен 125 млн. гектар жайылым суландырылмаған және пайдаланылмайды, елді мекендер жанындағы 20 млн. гектардан астам жайылым ұтымсыз пайдаланылуына байланысты тозған деп танылған. Қазіргі таңда жеке иелікке және ұзақ мерзімге жалға берілген ауыл шаруашылық жерлердің едәуір бөлігі топырақ құнарлылығын сақтау бойынша шараларды өткізбей, ұтымсыз пайдалануда», - деді А. Буць.
15:28, 18 Ақпан 2014
Ауыл шаруашылығына арналған жерлердің 15 % тиімсіз қолданылуда - ҚР АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, ауыл шаруашылығына арналған жерлердің 15 % тиімсіз қолданылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында министрліктің Егіншілік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті.