Ауыл тұрғындары СҚО құтқарушыларына алғыс білдірді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары, еліміздің басқа облыстарынан көмекке келген ҚР ТЖ комитетінің күштері, ІІД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үстінде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ал игілікті іс облыс тұрғындарының назарынан тыс қалмады.

Жуырда облыстық ТЖД  басшысының атына құтқарушыларға деген алғысын білдірген Тендік ауылы тұрғындарының атынан Тайынша ауданының Тендік ауылдық округтың ардагерлер кеңесінің төрағасы Марал Малдабаевтен хат келді.

Марал Бейсенұлы өз хатында қазақ халқында «Бәрінен бұрын от пен судан қорық» деген мәтелдің тектен-текке бар екенін жазады, өйткені осы екі құбылыс жолындағының бәрін бұзады.

«Қыста мөлшерінен көп қардың жаууы салдарынан, Теңдік ауылына су астында қалу қаупі төнген, былтыр жаңа жылға дейін жаңбыр жауып, жер беті қатқан еді, сондықтан қардың еріген суы жерге сіңбей, қауіп төндіріп, ауылдың үстімен ақты. Ауылымыз Шағалалы көлінің Шағалалы өзен  құйылысында орналасқан. Облыстық және аудандық ТЖ қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы биліктің жылдам әрекет етуінің арқасында үлкен қиыншылық еңсерілді. Победа ауылының жанындағы бөгет тұсында кептелген сең қопарылып, су көлге ақты, сол арқылы Теңдік және Победа екі ауылды су басудан құтқарылды», деп жазады ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Марал Малдыбаев табиғи апаттан адамдарды құтқаруда көрсеткен көмектері үшін ТЖ ведомствосының қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың қиын да қауіпті мамандықтарында табыс тілейтіндігін жеткізген.