Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Тілеуімбетов хабарлағандай, Әйтеке би кентінен 180 шақырым жердегі Ажар ауылынан қалаға қатынау мұң болатын. Себебі жол алыс, ал автобустың табысы өзін-өзі ақтамайды.
Осыны ескерген аудан әкімі Бақыт Жақановтың ықпалымен бюджеттен тасымалдау шығынын жабу үшін арнайы қаржы бөлінген еді. Енді «Кәукей-Ажар», «Ажар-Кәукей» бағытында аптасына екі рет автобус қатынайтын болды.