Ауыл тұрғыны шетелдік маркалы көлікті, самурай қылышын ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қылмыстың ізін суытпай Томск ауылының тұрғынын ұстады.

Оған шетелдік маркалы көлікті айдап кеткен және оның ішіндегі самурай қылышын ұрлаған деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады аймақ бойынша ІІМБ баспасөз қызметі.

Аталған оқиға Томск облысының Зырян ауданында болған. «Түнгі мезгілде Высокое ауылының 33 жастағы тұрғыны Nissan маркалы автокөлікті айдап кетіп, онымен сайран салып жүрген. Артынан машинаны көшеде қалдырған да оның ішінен сувенирлік самурай қылышын алып кеткен», - делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады РИА Новости.