Ресми дерекөздің хабарлауынша, біріншіден, ақпараттар легінен хабардар болып, хабарландыруларды қадағалап отыру қажет. Әкімдіктер аукционның өтуі туралы хабарландыруларды аукцион өткізілетін күннен күнтізбелік он бес күн бұрын жариялайды.
Аукционға сатылуға қойылған жер телімдері туралы хабарландыруларды облыстық мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайттарынан, Электрондық үкімет платформасынан табуға болады.
Аукционға қатысу үшін міндетті түрде әкімдікке өтініш беру қажет.
2016 жылдың 1 шілдесінен Қазақстан азаматтары үшін 1,7 млн га ауылшаруашылық жерін аукционға шығару жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, жерді сатып алуға тек Қазақстан азаматтары қатысады.
11:10, 03 Мамыр 2016
Ауыл тұрғыны жерді қалай сатып ала алады?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл тұрғыны жер сатып алу үшін аукционға қатысуы қажет.