«Jas Otan» жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғырту аса маңызды. «Jas Otan» қатарына жастар арасында шын беделі бар нағыз көшбасшыларды тартамыз. Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жобасын ұсынамыз», - деді А. Оралов.
Оның аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді шаралар жүзеге асырылады.
«Бұдан бөлек, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылады. Ел қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық беріледі», - деді партияның атқарушы хатшысы.