КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ауылында лимонад пен минералды су шығаратын кешен іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел Тәуелсіздігі күнін мерекелеу шеңберінде іске қосылған жаңа кешен 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың орташа айлығы 70 мың теңге болмақ.
Жаңа кешен Новочеркасское ауылында орналасқан.
Кәсіпорын басшысы Ара Дарбиняның сөзінше, кешенде тәулігіне 3,5-4 мың литр минералды су мен лимонад өндіріледі. Дайын өнімді аудан, Астана және еліміздің өзге өңірлеріне сату жоспарланған.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.