Ауылда спорт алаңы салынды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/– Шиелі ауданындағы Ә.Тәжібаев атындағы ауылдың №214 орта мектебіне оқу орнының түлегі, "Олжас" ЖШС директоры Талғат Жұматов шағын спорт алаңын тарту етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ауыл жастары мен мектеп оқушыларын қуанышқа бөлеген бұл алаңда баскетбол, волейбол, шағын футбол, теннис ойнауға жағдай жасалған. Кәсіпкер жігіт өзінің мектепті бітіргеніне 20 жыл толуына орай ұсынған сыйына жоғарыда аталған спорт түрлерінің жабдықтарын, спорттық формаларды қоса тапсырды. Жобалық құны 3 млн. 110 мың теңге болатын алаңның ашылу салтанатынан соң волейболдан кәсіпкердің әкесі Тасболат Жұматов атындағы турнирі өтті.