«Орта есеппен екінші тоқсанда жан басына шаққанда үй шаруашылықтары 3,5 литр күнбағыс майын тұтынған. Ауыл тұрғындары үй шаруашылығында тоқсанына 3,7 литр май жұмсаса, қалалық жерлерде тұтыну көрсеткіші 3,3 литрді құрады», - делінген ведомство мәліметінде.
Биылғы қыркүйек айында күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.
Сонымен қатар, статистика мәліметтеріне сүйенсек, ө ңірлер арасында майдың ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелсе, ең арзан баға Өскемен қаласында литрі үшін 743 теңге.